Негізгі талаптар
Жалпы ереже бойынша берешек мөлшері, ортақ меншікті қоса алғанда мүліктің болмауы, төлем жасалмаған мерзім және өзге талаптар тексеріледі. Заңда ерекшеліктер бар, сондықтан бір ғана белгі бойынша бағалау жеткіліксіз.
- Жалпы шек — өтініш берілген күнгі 1600 АЕК.
- 2026 жылы АЕК 4 325 ₸ болғанда, бұл — 6 920 000 ₸.
- Әдетте қатарынан 12 ай төлем жасалмауы талап етіледі.
- Бұрынғы банкроттық рәсімдері мен қолданылатын ерекшеліктер жеке тексеріледі.
2026 жылғы ресми есептік көрсеткіштер ↗. Теңгедегі шек АЕК өзгергенде өзгереді.
Рәсім қалай өтеді
- Заң талаптарына сәйкестікті талдау.
- Қажетті мәліметтерді дайындау.
- eGov арқылы электронды өтініш беру.
- Уәкілетті органның тексеруі.
- Рәсімнің басталғаны жарияланғаннан кейін оны өткізу.
- Аяқтау туралы шешім қабылдау.
Қанша уақыт алады
Стандартты мерзім — алты ай. 2026 жылғы 19 наурыздан бастап қарызы 1600 АЕК-тен аспайтын және міндеттемесін бес жылдан астам орындамаған азаматтарға бір айлық мерзім көзделген. Бұл санатқа сәйкестік расталуы керек.
Қысқартылған мерзім туралы МКК түсіндірмесі ↗
Көмек құны
Қарыз 3 000 000 ₸-ге дейін болса — 100 000 ₸, одан жоғары болса — 180 000 ₸. Құқықтық талдау бөлек төленеді — 10 000 ₸.
Бұл — ADILET JOLY қызметінің құны, банкрот деп тану үшін мемлекетке төленетін ақы емес. Сүйемелдеу шарттары алдын ала келісіледі.
Нені ескеру керек
Банкроттықтан кейін қарыз алуға шектеу, қайта банкроттыққа дейінгі мерзім және қаржылық мониторинг қолданылады. Тоқтатылатын міндеттемелер заңмен шектелген. Өтініш беру қарыздардың есептен шығарылғанын білдірмейді.
Салдар, мүлік және құжаттар туралы жауаптар →
«Әділеттегі» қолданыстағы редакция ↗
