Астана · Тәулік бойы кеңес, түнде де 24/7+7 771 500 30 03
ADILET JOLYҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК
WhatsApp
Клиенттердің тарихы · Қазақстан

Клиенттердің пікірлері

Клиенттер менеджерімізбен видеобайланыста өздері айтып береді: бұрын банктерге қанша төлегенін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінен кейін не өзгергенін. Сценарийсіз, фактілерді монтаждамай.

Видео · 0:58қазақша
ADILET JOLY клиенті · төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Ай сайын 459 000 ₸ төлеп жүрдім. Енді — 225 000 ₸

Жалақының бәрі банктерге кетіп жататын: мерзімі өткен төлемдер, қоңыраулар, қысым. ADILET JOLY-ды TikTok-тан көрдім, күмәнданып та, шешім қабылдадым.

  • Бұрын: айына 459 000 ₸
  • Қазір: айына 225 000 ₸
  • Жалақының 100 %-ы банктерге кететін
Видео · 1:17қазақша
ADILET JOLY клиенті · төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Ай сайын 450–500 мың ₸ төлеп жүрдім. Енді — шамамен 200 000 ₸

13–14 млн ₸ қарыз, несие үшін екінші жұмыс — сонда да жетпейтін. Рәсім басталған соң банктер талаптарын тоқтатты.

  • Қарыз: 13–14 млн ₸
  • Бұрын: айына 450–500 мың ₸
  • Қазір: айына ≈ 200 000 ₸
Видео · 1:20қазақша
ADILET JOLY клиенті · төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Айлығы 350–450 мың болса да, ай сайын 720 000 ₸ төлеп жүрді. Енді — 300 000 ₸

Кредит төлемі жалақыдан асып түсетін. Жұмыс қыста басталды, тамыздан бастап клиент жаңа кесте бойынша төлейді, заңгерлер әр кезең туралы есеп беріп отырады.

  • Бұрын: айына 720 000 ₸
  • Қазір: айына 300 000 ₸
  • Жалақы: 350–450 мың ₸
Видео · 0:58қазақша
ADILET JOLY клиенті · төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Банктер звондамай қалды. Жаңа төлем — айына 175 000 ₸

Кредитті жабу үшін тағы кредит алатын, заттарын ломбардқа өткізетін, әр қоңыраудан қорқатын. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру заңы бойынша кесте бекітілді — айына 175 000 ₸.

  • Қазір: айына 175 000 ₸
  • Банктер звондамай қалды
  • ADILET JOLY-ды Instagram-нан тапты
Видео · 0:56қазақша
ADILET JOLY клиенті · төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

8 млн ₸ қарыз: айына 450 000 ₸ төлеп жүрді, сот кестесі бойынша — 142 500 ₸

Банктер мен сот орындаушылары звондап жататын. Кесте бекітілгеннен кейін клиент қаңтардан бастап айлығын қайта ала бастады, сырттағы қарыздарын жапты және ADILET JOLY-ды кредиттен қиналған барлық адамға ұсынады.

  • Қарыз: 8 000 000 ₸
  • Бұрын: айына 450 000 ₸
  • Қазір: айына 142 500 ₸
Видео · 1:10қазақша
ADILET JOLY клиенті · төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

11,6 млн ₸ қарыз: айына 400 000 ₸-ден артық төлеп жүрді, кесте бойынша — 193 995 ₸

Әлеуметтік желіге сенбейтін, басында қорықты. Алты ай бойы кредиторлар мазаламады, заңгерлер хабарласып тұрды, кесте дәл уақытында келді.

  • Қарыз: 11 639 739 ₸
  • Бұрын: айына 400 000 ₸-ден артық
  • Қазір: айына 193 995 ₸
Видео · 1:47қазақша
ADILET JOLY клиенті · төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Бес банк алдындағы 8 млн ₸ қарыз: 400 000 ₸-ге жуық төлеп жүрді, енді — 133 000 ₸

Бірінші сот ұтылды, бірақ заңгерлер істі екінші сотқа жеткізіп, шешімін алды. 5–6 ай жұмыста клиент күмәнін сейілтті: WhatsApp арқылы да кез келген уақытта жауап берді.

  • Қарыз: 8 000 000 ₸ · 5 банк
  • Бұрын: айына ≈ 400 000 ₸
  • Қазір: айына 133 000 ₸
Бұл қалай жұмыс істейді

Төлем неге азаяды

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру — сот рәсімі: сот 5 жылға дейінгі мерзімге өтеу жоспарын бекітеді, ал рәсімді бастау туралы ұйғарым шыққан күннен бастап арызда көрсетілген кредиторлар төлем талап ете алмайды, пайыздар, өсімпұл мен айыппұлдар есептелмейді. Жаңа төлемнің мөлшерін бекітілген жоспар белгілейді және ол құжаттарға байланысты.

Пікірлер клиенттердің келісімімен жазылды. Рәсім нәтижесі істің мән-жайына және соттың немесе уәкілетті органның шешіміне байланысты. Сайттағы ақпарат жалпы сипатта және жеке құқықтық талдауды алмастырмайды.

Тегін кеңес24/7
ЕсептегішWhatsApp